Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Халық үні

Түркістан қаласында тұман күтіледі

Фото: tengrinews.kz

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде дауылдық ескерту жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, 24 ақпанда Қызылорда облысының шығысында, орталығында, сондай-ақ кей уақытта Қызылорда қаласында тұман күтіледі.

24 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың таулы аудандарында бұрқасын күтіледі.

Сонымен қатар өңірде солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 24 ақпанда кей уақытта Шымкент қаласында, түнде Түркістан қаласында тұман күтіледі.