×

Қазақстан тозған ЖЭС-терді жөндеуге қомақты қаржы бөлді – министр

Бүгінде жылу электр станциялары біртіндеп жөнделіп жатыр 

 Дәурен Ерболат 23.02.2024 | 12:55
фото: topuch.com

Қазақстан тозған ЖЭС-терді жөндеуге, энергетика секторында өзекті мәселелерді шешуге 327 млрд теңге жұмсады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 10 энергоблокты, 55 қазандықты, 45 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Кейбір станцияларды жөндеуге кірісіп кеттік. «Қызыл аймақтағы» тозған 19 жылу электр станциясын жөндеуге ерекше назар аударылады. Олар бойынша 28 қазандық пен 16 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған, - деді Алмасадам Сәтқалиев Сенатта өтіп жатқан парламенттік комиссия отырысында.

Сондай-ақ министр электр энергиясы тарифі қымбаттағанын, тозған ЖЭС-терді жөндеуге қомақты қаржы бөлінетінін атап өтті.

Энергия көздері бойынша реконструктивті және жөндеуді қамтамасыз ету үшін электр энергиясына тариф 20% деңгейінде түзетілді. Сондай-ақ қызмет тарифі бойынша мегаватт үшін айына  төлем ұлғайтылды. Осылайша, инвестицияны қайтарудың жылдық лимиті 428 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл қаржы энергетикалық активтерді жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалады. Аталған шаралар энергетика секторына 327 млрд теңге тартуға мүмкіндік берді, - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, кеше Ұлттық экономика министрлігі елімізде коммуналдық тарифтің 25%-ға қымбаттағанын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама