×

Үндістанда Kazakh Tourism компаниясының алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды

 2026 жылдан бастап елімізге жыл сайын 500 мыңға дейін үнді туристері келуі мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 23.02.2024 | 09:55
Фото: https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Үндістанның астанасы – Дели қаласында Оңтүстік Азияның ең ірі халықаралық туристік көрмесі – SATTE-нің ашылу салтанаты өтті. Оған Үндістан туризмінің басшысы, Индонезияның Туризм және креативті экономика министрі, PATA Азия-Тынық мұхиты туризм қауымдастығының басшысы, Мәскеу, Беларусь туристік департаменттерінің басшылары мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ төрағасы Қайрат Сәдуақасов қатысты.

Көрмеде Kazakh Tourism компаниясының Үндістандағы өкілдігі ашылды. Бұл компанияның шетелдегі алғашқы өкілдігі болып отыр.

Қайрат Сәдуақасов тиісті сертификатты Salvia Promoters компаниясының басшысы Прашант Чодриге табыс етті. Компания Орталық Азия мен Ресей нарықтарын ілгерілетуге маманданған. Әр жылдары Salvia визалық орталық және ілгерілету кеңсесі ретінде Орталық Азияның бірқатар қаласы мен елдерін таныстырып келеді.

Бұл – Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде ілгерілетудің жаңа қадамы. Біз әлемдегі ең перспективалы туристік нарықтардың бірі саналатын Үндістанда өз өкіліміз болатынына қуаныштымыз. Алдағы уақытта бұл тәжірибені басқа да нарықтарда кеңейтуге ниеттіміз, – деді Қайрат Сәдуақасов.

«Salvia Promoters компаниясы басшысының айтуынша, Үндістан туристеріне Қазақстан туризмін таныстыру мен үшін үлкен мәртебе.

Менің көп жылдық тәжірибем екі ел арасындағы туризмнің дамуына оң әсер етеді деп үміттенемін, – деді Прашант Чодри.

Тараптар Қазақстанға Үндістаннан туристік топтарды тарту, сонымен қатар көшпелі туризм нарығында Kazakh Tourism мүддесін таныстыру мақсатында серіктестікті дамыту туралы келісімге келді.

Тараптардың алғашқы бірігіп істеген жұмысы – SATTE көрмесіне қатысу және биылғы бірінші жартыжылдықта үндістандық тревел журналистердің Қазақстанға келуін ұйымдастыру.

Мамандардың болжамы бойынша, Үндістанның көшпелі туризм нарығы 2026 жылға қарай 50 миллионнан астам туриске жетеді. Бұл ретте Прашант Чодри 2026 жылға қарай Қазақстанның жыл сайын 500 мыңға дейін үнді туристерін қабылдай алатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама