Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, әйел көз жұмды

Халық үні

Жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған

фото: Halyq Uni

Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Оқиға орнында бір әйел көз жұмды.

Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.

«Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.