×

Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінде ойнаудан бас тартты

Теннисші асқазан-ішек жолы ауруына байланысты жарысты жалғастыра алмады

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2024 | 17:23
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина асқазан-ішек жолы ауруына байланысты, Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында теннистен өтіп жатқан Dubai Duty Free Tennis Championships WTA турнирін жалғастырудан бас тартты.

Кеше ол Польша өкілі Магдалена Френхтті жеңіп, Дубай WTA 1000 додасының ширек финалына шыққан болатын. ¼ финалда Рыбакина әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі керек еді.

Осылайша жартылай финалға италиялық Ясмин Паолини жартылай финалға жолдама алды.

Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады. Елена Рыбакина екі аптада жазылады деген ойдамыз. Бірақ ол үшін биыл ең басты жарыс – Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары, – деді Теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асады. Бұл жүлде Рыбакинаға бұйырмай отыр. Дегенмен ол Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде ширек финалға жолдама алып, теннисшілер арасында соңғы 10 жылда ¼ финалға шыққан үш теннисшінің бірі атанды.

Еліміздің бірінші ракеткасы жыл басынан бері бесінші рет WTA турнирінің ширек финалына шықты.

Бұған дейін испаниялықтар Карла Суарес-Наварро (2015) мен Гарбинье Мугуруса (2020) Рыбакина сияқты халықаралық турнирде қатарынан 5 рет 1/финалға жолдама алған болатын.

Биылғы маусымды Елена Рыбакина жақсы бастаған еді. Ол Аустралияның Брисбен мен БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өткен WTA турнирінің жеңімпазы атанса, жасыл құрлық елінің тағы бір қаласы – Аделаидада  ширек финалға дейін жетті. Ал Дохада WTA 1000 жарысының финалында өнер көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама