×

300-ден астам көлік жуу, монша мен бассейн су пайдалануға арнайы рұқсатсыз жұмыс істеген

Кейбір көлік жуу орындары ауыз суды пайдаланған

 Динара Амантай 21.02.2024 | 16:40
Фото: gov.kz

Жамбыл облысында 300-ден астам көлік жуу, монша кешені мен бассейн су пайдалануға арнайы рұқсатсыз жұмыс істеген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокурорлар жерасты суларын пайдаланатын қызмет көрсету саласы бойынша 300-ден астам коммерциялық нысандардың, оның ішінде көлік жуу, моншалар мен бассейндердің уәкілетті орган беретін су пайдалануға арнайы рұқсатынсыз жұмыс істегенін анықтады. Кейбір көлік жуу орындары ауыз суды пайдаланған.

Салдарынан жыл сайын облыс бюджетіне пайдалы қазбаларды өндіргені үшін миллиондаған теңге болатын салық түспеген.

Бұл бұзушылықтар прокурорлардың бастамасы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, уәкілетті органдардың және су саласы сарапшыларының қатысуымен облыс прокуратурасы жанындағы сараптамалық кеңесте қаралды.

Қазір жағдайды түзету және жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама