Halyq Uni логотип
×

«Азия Бақанас» ЖШС басшылығы 1,4 млрд теңгеге жуық салықты төлеуден жалтарған

Олар бас бостандығынан айырылды

 Динара Амантай 21.02.2024 | 10:56
«Азия Бақанас» ЖШС басшылығы 1,4 млрд теңгеге жуық салықты төлеуден жалтарған
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Ақтөбеде сот «Азия Бақанас» ЖШС-нің басшысыАқыш Мұратқа және Қытай Халық Республикасының азаматы Чэнь Гоцынға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған азаматтар 1,4 млрд теңгеге жуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеген. Тергеу барысында анықталғандай, ұйымдастырушы Чен Гоцин алдын ала келісе отырып, «Азия Бақанас» ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасасу арқылы салық төлеуден жалтарған.

Сот үкіміне сәйкес, Чен Гоцын 3 жылға, Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама