ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылданады

Дастан Жұмабекұлы

Талапкер тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды

Фото: satbayev.university

27 ақпанда наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады.

ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Тестілеу 1-31 наурыз аралығында өтеді.

Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу орны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған азаматтар, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы емес ұлты қазақ талапкерлер мен  мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Талапкер тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды.

Өтініштер 10 наурызға дейін қабылданады.