×

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған доллар сатпақ болған ер адам сотталды

ҚМА азаматтарды сақ болуға шақырады

 Динара Амантай 20.02.2024 | 09:48
Фото: видеодан скриншот

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті аталған факті бойынша қылмыстық істі тергеді.

Ер-азамат 100 долларлық банкноттармен 1 мың 900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ҚМА азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама