Тина Канделаки косметикалық брендінің қазақстандық сайты ашылмай тұр

Еркеғали Болатұлы

Оның тауарлары елдегі «Золотое яблоко», Beautymania, Mon amie секілді ірі косметикалық дүкен сайттарынан жоғала бастады

фото: polzovateli-raskritikovali

Ресейлік журналист Тина Канделакидің косметикалық бренді елдегі дүкен сөрелерінен жоғала бастады. Ansaligy брендінің қазақстандық сайты да ашылмай тұр, деп хабарлады infom.kz.

Еске сала кетсек, қаңтар айында Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқанын айтып, дау тудырған еді. Кейінірек ҚР Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакидің Қазақстанға кіргізілмейтінін мәлімдеді.

Жақында Ansaligy брендінің тауарлары елдегі «Золотое яблоко», Beautymania, Mon amie секілді ірі косметикалық дүкен сайттарынан жоғала бастады.

Сондай-ақ Ansaligy брендінің Ресей, Армения елдеріне арналған ресми сайттары жұмыс істеп тұр. Ал Қазақстан, Өзбекстан сайттары уақытша қолжетімсіз.