ҰҚК бірқатар облыс пен қалада арнайы операцияны бастады

Динара Амантай

Іс-шара полиция және прокуратурамен бірлесе жүргізіледі

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК, полиция және прокуратура бірқатар облыс пен қалада арнайы операцияны бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жақын күнде жарияланады.