Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды
Ол өзін жайсыз сезінген
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный колонияда көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.
Алексей Навальный Ямало-Ненец автономды округтегі колонияда серуенге шыққан. Алайда өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалды, – деп жазылған Федералды жазаны орындау қызметінің хабарламасында.
Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын хабарлады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Навальный ресейліктерді президент сайлауына қарсы митингке шығуға шақырған еді.