×

Қазақстандықтар Катарда заңды жұмыс істей алатын болды

Екі ел арасында бірлескен комитет құрылады

 Динара Амантай 15.02.2024 | 10:51
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар мемлекетінің әмірі, шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің келіссөздерінің нәтижелері бойынша Қазақстан мен Катар Үкіметтері арасында қазақстандық қызметкерлерді жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Келісім Катарда жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуді жоспарлап отырған қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқығын қорғауға бағытталған. Оған Қазақстаннан жұмысшылардың құқығын қорғау және жұмысқа орналасу үшін қажетті жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық және құқықтық жағдайлар кіреді.

Келісім аясында қазақстандықтарға Катардағы жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде заңды жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Іс-қимылдарды үйлестіру, білікті жұмысшыларды тарту және еңбек дауларын шешу үшін Қазақстан мен Катар арасында бірлескен комитет құрылады.

Бұл келісімге қол қою Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес іске асырылды. Келісім ұлттық рәсімдерге сәйкес одан әрі ратификациялауды талап етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама