×

Түркияда топырақ көшкіні алтын кенішіндегі жұмысшыларды басып қалды

Оқиға орнына 400 құтқарушы жіберілген

 Еркеғали Болатұлы 14.02.2024 | 10:57
фото: reuters.com

Түркияның Эрзинджан қаласындағы алтын кенішінде топырақ көшкіні жүрді. Болжам бойынша, 9 адам үйінде астында қалған. Бұл туралы Anadolu хабарлады.

Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая кеніш аумағына шахтадан өндіріліп жатқан тау жынысының көшкіні жүргенін мәлімдеді.

Өкінішке қарай, көшкіннен 9 қызметкер зардап шекті деген болжам бар, – деді ол.

Оқиға орнына 400 құтқарушы жіберілген.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, жалпы шахтада ауысыммен 667 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ Әділет министрі Йылмаз Тунч тергеу басталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама