×

Астана мен Павлодар облысында оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

Астана мен Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты мектеп оқушылары 9 ақпан күні қашықтан оқиды.

 Халық үні 09.02.2024 | 08:05
Фото: Астана білім басқармасы

Астана мен Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты мектеп оқушылары 9 ақпан күні қашықтан оқиды.

Бұл туралы Астана қаласы және Павлодар облысының білім басқармалары мәлімдеді.

«2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Астана қалалық білім басқармасының хабарламасында. 

Павлодар облысында да бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама