×

QazVac вакцинасының 50 мың дозасына тапсырыс беріледі

QazBioPharm ұлттық холдингі де ауыл шаруашылығына дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

 Дастан Жұмабекұлы 08.02.2024 | 16:37
Фото: primeminister.kz

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте отандық дәрі-дәрмек және вакцинамен қамту мәселелері талқыланды.

Жиынға Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, QazBioPharm ұлттық холдингінің өкілдері қатысты.

Биыл Денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасының 50 мың дозасына тапсырыс беруді көздеп отыр. QazBioPharm ұлттық холдингінің де ауыл шаруашылығы бағытындағы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін көбейту жоспарланған.

QazBioPharm ветеринарлық бағыттағы препараттарды да шығарады. Жиында Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ұлттық холдингтен ветеринарлық дәрі-дәрмектер мен диагностикумдардың 25,8 млн дозасын алуды жоспарлап отырғанын айтты.

Өз кезегінде QazBioPharm басшысы Ерғали Әбдірайымов мемлекеттік органдармен аталған өнімді өндіруге және жеткізуге ұзақмерзімді келісімшарттарды бекітуге ниет білдірді. Бұл мәселе тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе қарастырылатын болады.

Жиында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова отандық өндірушіні қолдау шараларының маңызы зор екенін, алайда препараттардың сапасына баса мән беру керектігін ескертті. Оның айтуынша, препараттарға QazBioPharm ұлттық холдингінің басшылығы тікелей жауапты.

Дәрі-дәрмектерді өндіру және жеткізу мерзімі бойынша бекітілген кестені қатаң сақтау қажет, – деді Тамара Дүйсенова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама