Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды

Халық үні

Қазақстандықтың қарсыласы жартылай орта салмақтағы америкалық Нил Мэгни (26-8)

Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері (MMA) Шавкат Рахмонов (15-0) АҚШ-қа ұшып кетті. Онда 26 маусымда UFC Fight Night турнирі аясында белді ұйымдағы кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Қазақстандықтың қарсыласы жартылай орта салмақтағы америкалық Нил Мэгни (26-8).

Олардың жекпе-жегі Лас-Вегастағы UFC Apex орталығында өтеді.