Үрімші-Алматы бағдарында авто және авиатасымалдауды қамтитын жаңа сервис іске қосылды

Динара Амантай

Әртүрлі көлік түрлерінің тиімді үйлесімі қамтамасыз етіледі

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

KTZ Express АҚ Қытайдың ішінде Үрімшіге дейін автотасымалдауды, ал Үрімші-Алматы бағдарында авиатасымалдауды қамтитын жаңа мультимодальды сервисті іске қосты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. ⠀

Компания ұсынған мультимодальды шешім тұтынушыларға жүктердің жылдам және сенімді жеткізілуіне кепілдік бере отырып, әртүрлі көлік түрлерінің тиімді үйлесімін қамтамасыз етеді. ⠀

Бұл шешім жеткізу уақытын қысқарту және көлікті таңдауда икемділікті арттыру арқылы логистикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Компания жаңа мультимодальды сервис жоғары сапалы логистикалық шешімдерді қамтамасыз етудегі маңызды қадам болатынына сенімді, – делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында.