Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Динара Амантай

Былтырғы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жасалады

Фото: Halyq Uni

7 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады, – делінген Ақорда хабарламасында.