×

«Ауыр диагноз қойылған баласы бар»: Бейбіт Қорған ДНҚ тапсырды

Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды.

 Халық үні 02.02.2024 | 19:45
Фото: 1show.kz

Атыраулық Нұргүл Зиханова Бейбіт Қорғаннан балаcы бар екенін айтқан соң әнші ДНҚ тапсырған.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген мәлімдеді.

«Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, «Маска» шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры », - дейді ол.

Дина Төлепбергеннің айтуынша, нәтижесін сот бір айдан кейін жариялайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама