×

Президент әскерге шақырту туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

 Динара Амантай 02.02.2024 | 09:17
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

  1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
  2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
  3.  Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, – делінген құжатта.

Әскерге шақырылған азаматтарды жөнелтуді және әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру Үкіметке, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қарулы Күштерге, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне тапсырылды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама