×

Алматыдағы сапасыз салынған тұрғын үйлерге кім жауапты?

Бұған дейін шаһардағы сапасыз тұрғын үйлердің тізімі жарияланды

 Дәурен Ерболат 01.02.2024 | 13:49
Фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин Алматыдағы сапасыз салынған тұрғын үйлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Біріншіден, құрылыс сапасына жобалаушы толық жауап береді. Құрылыстың сапалы болуы дұрыс жобалануына байланысты. Екіншіден, мұндай құрылыстар үшін белгілі бір объектілер бойынша сараптама жүргізген адамдар жауап береді. Үшіншіден, құрылысшылар да жауапты. Олар ғимаратты салғанда құрылыстың сапалы және дұрыс салынуын бақылауы керек», - деді министрдің орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ журналист вице-министрге «Кейбір мамандар Алматыда жер сілкісі болса да, кейбір жаңа нысандар оған шыдамауы мүмкін деген пікір айтып жатыр. Бұған түсінік бере аласыз ба?» деп сұрағын нақтылады.

(Соңғы жер сілкінісіне – авт.) шыдады ғой. Заң аясында тексерісті күшейту бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Оны депутаттар қолдап отыр... Қазір жағдай тұрақты, - деді Тимур Қарағойшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы сапасыз тұрғын үйлердің тізімі жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама