Іздеуде жүрген 8 қылмыскер Түркияда ұсталды

Динара Амантай

Хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды

Фото: Halyq Uni

Қазақстанның ІІМ қызметкерлері түрік әріптестерімен бірге жыл басынан бері алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген 8 қылмыскерді Түркиядан ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сонымен қатар қаңтарда ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерімен іздеуде жүрген 237 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды.

Мәселен, 27 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері 1998 жылдан бері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы ер адамды ұстады.