×

Маңғыстаудағы жантүршігерлік жағдай: ағасы мен қарындасының жағдайы белгілі болды

Оларға ота жасалды

 Дәурен Ерболат 29.01.2024 | 15:33
Фото: Fabian Strauch/dpa/picture alliance

Маңғыстау облысында ауыр жарақат алған ағасы мен қарындасының денсаулығына қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Өңірдегі дәрігерлер олардың денсаулығы жақсарып келе жатқанын атап өтті.

Науқастардың жарасы таза, қабыну белгілері жоқ. Қазір оларды облыс орталығына жеткізудің қажеті жоқ. Ертең біз қызды ауруханадан шығаруды жоспарлап отырмыз. Алайда жігіт әлі дәрігерлердің бақылауында болады, - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 23 қаңтарда Қарақия ауданының Жетібай ауылында болған. Тұрғын 20 жастағы жігіт пен оның 14 жастағы қарындасын пышақтаған. Содан кейін қызды зорламақ болған.

26 қаңтарда полиция күдіктіні қамауға алды. Ол қылмысты жасағанда мас болған. Салдарынан жас жігітті 33 жерінен, қызды 18 жерінен пышақтаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама