Бүгін іздестіру операциясының жүргізіліп жатқанына 25 күн болды
Павлодар облысының Баянауыл ауданы Маңқайың кентінде құтқарушылар аударылған автобуста болған 2 адамды әлі іздестіріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырда гидравликалық балғасы бар экскаватор жұмыс істеп жатыр.
Сол арқылы үлкен тастар ұсақталуда. Осылайша, шағын экскаватор жолды тазартып жатыр. Кеше экскаваторлар шамамен 45 текше метр топырақты қайта шығарумен айналысты. Гидравликалық балға арқылы экскаватор үлкен тасты 60% ұсақтады. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен жолды тазартып жатыр. Тау жынысының қайта құлау қаупі сақталады, - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырға 4 жолаушысы бар автобус құлап кеткен еді. Опырылған жердің ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр.
2 құтқарушының денесі табылды. Құтқарушылар қалған 2 адамды әлі іздеп жатыр. Сондай-ақ апат болған аумақтан құтқарушының сөмкесі табылғаны хабарланды. Одан бөлек, ТЖД автобустағы екі адам тірі болуы мүмкін деп болжам жасады.
Арнайы комиссия апатқа кінәлі 7 адамды анықтады.