Жанерке Көшкімбаева үстел теннисінен Катарда топ жарды

Дастан Жұмабекұлы

19 жастағы спортшы Бахрейн, Катар, Литва, Пәкістан спортшыларынан басым түсті

Фото: olympic.kz

Үстел теннисінен спорт шебері Жанкерке Көшкімбаева Катардың астанасы – Дохада өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

19 жастағы спортшы Бахрейн, Катар, Литва, Пәкістан спортшыларынан басым түсті. 

Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық сында топ жарып, жұптық сында жеңіске жеткен еді. 

WTT Youth Contender турнирінде бұған дейін Алан Құрманғалиев 1-орын алған болатын.