×

Қазақстанның Қызыл кітабы 14 жылдан бері жаңартылмаған

Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің электронды базасын жасау қажет

 Еркеғали Болатұлы 26.05.2022 | 11:53
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Қызыл кітабы 14 жылдан бері жаңартылмағанын мәлімдеді.

«Қазақстанның Қызыл кітабы жануарлар мен өсімдіктердің тізімін жасап қою ғана емес, сонымен бірге оларды заңды қорғаудың автоматты түрде пайда болғанын, «аулауға тыйым салу презумпциясын» білдіреді.

Осыған байланысты біздің Қызыл кітабымыз заңды маңызды құжат, практикалық нұсқаулық және сирек кездесетін түрлерді қорғаудың құралы болып саналады, – деді Айжан Сқақова.

Осы орайда депутаттар сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің электронды базасын жасауды, ғылыми негізделген мониторинг жүйесін енгізуді, нормативтік-заңнамалық базаны жетілдіруді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама