×

Алматы облысында жер сілкінісінен жаңа мектептің қабырғалары қатты жарылған

ТЖБ апатты жағдайды мойындамады

 Еркеғали Болатұлы 26.01.2024 | 10:15
фото: видеодан скриншот

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғалары жарылды. Әкімдік жарықтың көлемі 10 сантиметрге дейін кеңейгенін жеткізді.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болған. Кадрдан 2015 жылы салынған мектеп қабырғаларындағы жарықтардың үлкендігі көрінеді.

Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. ТЖБ апатты жағдайды мойындамады, - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама