×

26 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің бұрқасынмен күшеюі күтілуде.

 Халық үні 26.01.2024 | 07:30
Фото: oir.mobi

«Қазгидромет» РМК 26 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклон ойпатының және атмосфералық фронттардың  ықпалында болады, осыған байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты әлі де сақталуда, жауын-шашын, тау және таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, еліміздің солтүстігінде қар қатты жауады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің бұрқасынмен күшеюі күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама