×

Астанада қонақ үйден қымбат зат ұрланды

Ер адам мен әйел ашық сөйлесу үшін VIP бөлме жалдаған

 Дастан Жұмабекұлы 24.01.2024 | 10:36
Фото: Halyq Uni

Астанада Алматы ауданының полиция қызметкерлері қонақ үйден қымбат зат ұрлаған деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады.

Қонақ үйден затын ұрлатып алған әйел полицияға хабарласқанда, күдіктімен бір күн бұрын кездескенін айтқан. Оның айтуынша, екеуі отельде ішімдік ішіп, ашық сөйлесу үшін VIP бөлме жалдаған. Біраздан кейін әйел ұйқыға кеткенде ер адам мүмкіндікті пайдаланып, оның шамамен 250 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарын үптеп кеткен.

Қазір күдікті ұсталды. Осы іс бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті мойындау айғақтарын берді. Оның Астанада осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама