×

11 немересі бар жұп 60 жылдан кейін той жасады

Тойға олардың 5 баласы және 11 немересі қатысқан

 Халық үні 26.05.2022 | 07:08
Фото: tengrinews.kz

Шотландиялық жұп бір шатыр астында бірге тұрғалы 60 жыл өткен соң тойларын жасады. Олар – 90 жастағы Алекс Гамильтон мен оның 89 жастағы қалыңдығы Джейн.

Алекс пен Джейн алғаш рет 1956 жылы кездескен. Ол кезде екеуінің де отбасылары болған. Кейінірек екі неке де ажырасып кеткен. Алты жыл таныстықтан кейін Джейн мен Алекс арасында сүйіспеншілік сезімі оянады. Ол кезде Алекс бұрынғы некеден екі бала тәрбиелесе, Джейннің қызы болған.

Бастапқыда ер адам сүйіктісіне заңды некеге тұру бойынша ұсыныс жасайды. Бірақ күнделікті тірліктен қолдары босамаған олардың үйлену тойын өткізуге уақыттары болмаған көрінеді. Сөйтіп, тек 60 жылдан кейін ғана той жасау туралы шешімге келеді. 

Бір атап өтерлігі, бұл тойға олардың 5 баласы және 11 немересі қатысқан. Балалар қарт ата-аналарының бұл қадамы күтпеген жағдай болғанын жасырмайды.

Әдетте бұл жастағы адамдар о дүниені ойлайды ғой. Дегенмен, тойы біз үшін үлкен әрі маңызды мереке. Ол өте әдемі өтті», - деді олардың 59 жастағы қызы Салли Макдональд.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама