×

Еліміздің бірқатар аймағына дабылды ескерту жарияланды

Оңтүстікті, Алматы облысының таулы аймақтарын тұман басады

 Халық үні 20.01.2024 | 20:57
Фото: oir.mobi

Синоптиктердің болжауынша, бірқатар аймақта жел соғып, көктайғақ, тұман болады. 

Қызылорда облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Оңтүстікті, Алматы облысының таулы аймақтарын тұман басады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында және оңтүстік-шығысында тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ақтауда түнде кей жерлерде тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде тұман болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады. Алакөл ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

20 қаңтарда сағат 21.00-ден 21 қаңтарда 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейлі жағдай туралы ескерту күшінде қалады.
20 қаңтар сағат 21.00-ден 21 қаңтар сағат 21.00-ге дейін Семей қаласында болатын қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейдегі жағдай туралы ескерту сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфера ауасының беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама