×

Еліміздің 3 облысында жолдар жабылды

Автожолдарды күтіп ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды

 Динара Амантай 20.01.2024 | 11:03
Скрин: Youtube

Бүгін сағат 10.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облысында 1 учаске:

  1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен ауданы – Қайнар ауданы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) - 79 шақырым.

Жетісу облысында 1 учаске:

  1. «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым.

Батыс Қазақстан облысында 2 учаске:

  1. «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы - РФ шекарасы – 100 шақырым.
  2. «Самара-Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 шақырым.  

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама