Түркі елдерінің жеңіл атлетика қауымдастығы құрылады

Дастан Жұмабекұлы

Спорт ұйымы Түркияның бастамасымен ашылады

Фото: sportqory.kz

Жеңіл атлетикадан халықаралық спорт ұйымдарының саны тағы бір ұйымға көбейеді.

Бүгінде Түркия Республикасының бастамасымен Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Түркі жеңіл атлетика қауымдастығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыс сәтті аяқталса, жеңіл атлетикадан тағы бір халықаралық спорт ұйымы – Түркі мемлекеттерінің жеңіл атлетика қауымдастығы өз қызметін бастайды. Демек, жеңіл атлетикадан жарыстар мен чемпионаттар көбейіп, жастардың спорттың бұл түрімен айналысу аясы кеңейеді.