×

IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды (ВИДЕО)

Ойындарға әлемнің 70 елінен 14-17 жас аралығындағы 1 800 спортшы қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2024 | 17:29
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтетін IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды. 

Оның ашылу рәсімі Каннын қаласындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде болып жатыр. Бұл жерде конькимен жүгіру спортынан жарыстар ұйымдастырылады.

Қазір спорт кешенінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген елдердің спортшылары өз мемлекеттерінің туын көтеріп, құрамаларын таныстыруға дайындалып отыр. 

Трансляция Olimpics.com веб-сайтынан беріліп жатыр.

Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвон провинциясының Каннын қаласында өтеді.

Олимпиаданың жабылу салтанаты 1 ақпанда Каннындағы Gangneung Olympic Park спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Канвон-2024 Ойындарына әлемнің 70 елінен 14-17 жас аралығындағы 1 800 спортшы қатысады. Мұнда 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама