Тоқаев Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
Мектептегі атыстан 18 оқушы мен 3 ересек адам қаза тапты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыстан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын – делінген жеделхатында.
АҚШ-тың Техас штатының Ювалде қаласындағы мектептегі атыстан 18 оқушы мен 3 ересек адам қаза тапты.
CNN арнасының хабарлауынша, қала губернаторы Грег Эббот адамдарға оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты.
Ол мектеп ауласына көлікпен келіп, ғимаратқа кіріп, оқ жаудырған.
Полиция өкілі Пит Арредондо күдіктінің жалғыз өзі қару қолданғанын, мектепке барар алдында әжесін атып өлтіргенін айтты.