×

Шымкентте бір көшенің бойындағы бірнеше дүкен отқа оранды

Құрылыс материалдарын сататын дүкендердердің сату орындары мен қоймаларындағы заттар түгелге жуық жанып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 17.01.2024 | 11:20
фото: Шымкент қаласының ТЖД

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Мэдина» дүкендері отқа оранды.

Өрт салдарынан құрылыс материалдарын сататын дүкендердердің сату орындары мен қоймаларындағы заттар түгелге жуық жанып кеткен.

Өртті сөндіру жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 200-ге жуық жеке құрам қызметкері мен 38 техникасы жұмылдырылды.

Өрт түнгі сағат 03:07 минутта оқшауланып, сағат 04:51 минутта толығымен сөндірілді. Жалпы көлемі 2 500 шаршы метрді қамтитын ғимараттың 1 300 шаршы метрі өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама