×

Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады

Екі ел арасындағы келісім күшіне енді

 Дәурен Ерболат 15.01.2024 | 17:12
Сейшель аралдары, фото: Voyages Lambert

Қазақстан азаматтары Сейшел аралдары республикасына визасыз бара алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«2023 жылдың 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған Қазақстан үкіметі мен Сейшель үкіметі арасындағы визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 6 қаңтарда күшіне енді.

Келісімінің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекет аумағына бір немесе бірнеше рет келу-кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте азаматтардың шекарадан өткен кезінен бастап, екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде, ал күнтізбелік 180 күн ішінде, жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспауы керек.

Егер Қазақстан азаматтарына Сейшель аралдарында 30 күннен аса уақыт болу керек болса, олар тиісті санаттағы Сейшель визасын алдын ала рәсімдеуі керек», - деді СІМ ресми өкілі.

Сейшель Аралдары Республикасы – Мадагаскар аралының солтүстік-шығысындағы аралдарға орналасқан шағын мемлекет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама