Halyq Uni логотип
×

«Тарихи мағынасын жоғалтады»: ұлт ұстазының үйі қайта салынады

Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылы Ақкөлге интернет тартылады

 Дастан Жұмабекұлы 25.05.2022 | 16:11
«Тарихи мағынасын жоғалтады»: ұлт ұстазының үйі қайта салынады
коллаж: Halyq Uni

Екі күннен бері Торғай өңірінде іс-сапармен жүрген Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов  Ақкөл ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлының салынып жатқан үйінің құрылысымен танысып, құрылысты тоқтатты. Бұл үйдің құрылысы әлеуметтік желіде қатты сынға ұшырып, халық облыс әкімінен оны тоқтатуды сұраған болатын.

Енді міне, бүгін облыс әкімі ұлт ұстазының туған ауылына барып, көпшіліктің көңілінен шықпаған үйдің құрылысын сынап, оны қайта салуды басқа мердігерге беруді тапсырды.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында салынып жатқан үйдің құрылысына 20 млн бөлінген (100 шаршы метр, - ред). Алайда, облыс әкімі өзі барып, көзбен көрген соң оның құрылысын бірден тоқтатты.

Осы жерде Архимед Мұхамбетов үйдің құрылысын желтоқсан айында бітіріп, тапсыру керектігін айтты.

Бірақ үй салынып болған соң, тарихи мағынасын жоғалтады, - деді ол.

Одан кейін әкім Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы қарсаңында  Ақкөл ауылына интернетті тартуды тапсырды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Торғай облысының ашылуына мүдделі ынталы топтың мүшелерімен кездесіп, өңірді дамыту бойынша қолға алынатын іс-шараларды талқылады.

Ынталы топтың мүшесі, журналист Ербол Мәндібектің айтуынша, облыс әкімі Торғай өңірін дамытуға уәде берді. Бұл үшін арнайы инвестициялық карта жасалады. Картаны жасауға облыс әкімі көмектеседі. Алдағы маусым айында құзырлы мекемелердің басшылары ынталы топтың өкілдерін қабылдап, осы жобаны қолға алады. Яғни, Торғайға инвесторлар шақырып, арнайы жоба бойынша өңірді экономикалық дамыту бағдарламасын дайындап береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама