×

Түркістанда жаңадан салынған үй өртенді

15 ересек адам мен 20 бала құтқарылды

 Еркеғали Болатұлы 15.01.2024 | 12:10
фото: дереккөз

Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үйдің электр желілері жанып кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға Отырар шағын ауданында болған. Көп қабатты тұрғын үйдің электр қалқаны мен үшінші қабат аралығында электр сымдары жанып кеткен. Тұрғын үйден 15 ересек адам мен 20 бала құтқарылды.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы мен 21 қызметкері және полиция департаментінен 2 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама