×

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті

Соғыс басталғалы бері 59 604 адам жарақат алды.

 Дастан Жұмабекұлы 14.01.2024 | 11:03
Фото: aa.com.tr

Израиль әскерінің Газа секторына шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті.

Газада орналасқан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Израиль армиясы соңғы екі күнде палестиналықтың бала-шағасына дейін аяусыз өлтіріп, жүздеген адамды жаралаған.

Газа секторының оңтүстігіндегі ауруханалар апатты жағдай тұр. Өйткені, олар жараланғандар мен ондаған мың босқындарға толы, – деді Ашраф әл-Кедра.

Соғыс басталғалы бері 59 604 палестиналық жарақат алды. Олардың 6 200-і Газадан тыс жерде шұғыл емделуді қажет етеді, делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама