Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды (ВИДЕО)
Аталған әскери жоғары оқу орнынан Назарбаевтың аты алынған
Елордада Ұлттық қорғаныс университетінің алында тұрған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұл жағдайға Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі түсінік бермеді.
Монумент 2020 жылғы 3 шілдеде орнатылған. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan (қазіргі AMANAT) партиясының төрағасы болды.
Сол жылы 6 шілдеде экс-президент 80 жасқа толған еді.
Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ұлттық университеттен алынатыны былтыр хабарланған болатын. Сондай-ақ Әділет министрі бұрынғы мемлекет басшысының заңда қандай артықшылығы қалғанын түсіндірген-ді. Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік істерге араласпайтынын мәлімдеді.