«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшылығы азаматтардан сыйақы талап еткен
ҚМА-ның араласуынан кейін екі елді мекен газдандырылды
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы азаматтардан 70-тен 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы талап еткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылында ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосылу мүмкіндігі болмаған. Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығы тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін жоғарыда аталған соманы сұраған.
2023 жылғы қыркүйекте ҚМА департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазір аталған елді мекендерді газдандыру мәселесі шешіліп, тұрғындардың үйлеріне көгілдір отын жеткізілді.