×

Қазақстанның 14 облысында ескерту жарияланды

12 қаңтарда түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі.

 Халық үні 11.01.2024 | 22:45
Фото: oir.mobi

Қазақстанның 14 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

12 қаңтарда түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз шығысында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 12 қаңтарда түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман. Қонаев қ.: 12 қаңтарда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.

12 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.

12 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 12 қаңтарда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

12 қаңтарда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 12 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

12 қаңтарда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

12 қаңтарда түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 12 қаңтарда түннің бірінші жартысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Түркістан қ.: 12 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

12 қаңтарда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

12 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 12 қаңтарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с.

12 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 12 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

12 қаңтарда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Семей қ.: 12 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

12 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

12 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 12 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

12 қаңтарда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 12 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама