×

Еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропамен байланысты нығайтпақ

Қос тарап өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоймақ

 Дәурен Ерболат 10.01.2024 | 14:51
Фото: primeminister.kz

Астанада Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Румынияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мадалина Лупумен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесуде көлік, логистика және авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселесі, Көлік министрі Марат Қарабаевтың Румынияға алдағы сапары талқыланды.

Министрлік өкілдері алдағы сапар аясында Румыниямен Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Талғат Ластаев Румынияның ТХКБ аясындағы рөлінің маңызды екенін жеткізді. Қос тарап Еуропамен көлік байланысын жақсарту үшін өзара ынтымақтастық пен ТХКБ дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар қазақстандық тарап 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта Румынияда Халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша Бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.

Елші қос елдің ТХКБ аясындағы ынтымақтастығы Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың кілті саналатынын атап өтті.

Бұған дейін премьер-министр дәстүрлі сауда жолдары үзілгенін, Қазақстанның балама жол іздеуге мәжбүр екенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама