×

«Төртеуі бір үйдің адамы»: БҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды

Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды

 Халық үні 10.01.2024 | 07:30
фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болды.

«Сағат 17.17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды», деп хабарлады ведомстводан.

Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама