×

Астана әуежайына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды

Халық тарапынан да, мемлекет басшысы тарапынан да Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағына сын айтылып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 09.01.2024 | 10:05
фото: Тұрар Қазанғапов

Сәуір айында елорда әуежайының ұшу-қону жолағы мен аэродромына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Алдын ала жоспар бойынша, ол жұмыстар 12 айға созылуға тиіс.

Дегенмен күрделі жөндеу кезінде әуежай жұмысын жалғастыра береді. Ұшу және қону тек күндізгі уақытта ғана шектелуі мүмкін.

Халық тарапынан да, мемлекет басшысы тарапынан да Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағына әділ сын айтылып жатыр. Сондықтан біз үшін елорда әуежайының аэродромына күрделі жөндеу жүргізу өте маңызды. Аэродром мен ұшу-қону алаңы күрделі жөндеуден өткен жағдайда Астана әуежайының транзиттік әлеуеті артып, ұшу қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтеріледі. Әуежайдың көбірек жүк рейсін қабылдауға техникалық мүмкіндігі артады, - деді Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Әуежайды басқаруды қолға алған Terminals Holding өкілдері аэродромды күрделі жөндеуге қызу дайындық жүргізіп жатқанын атап өтті. Инвесторлар жобалық-сметалық құжаттаманы қаңтар-ақпан айларында талдап, ақпанның соңы мен наурыздың басында мердігерді анықтауды көздеп отыр.

Енді мердігер наурыз айының ортасына дейін барлық ресурстарын жұмылдыруы керек. Инвесторлардың жоспары бойынша, егер ауа райы қолайсыздық тудырмаса, сәуір айының басына қарай аэродромда күрделі жөндеу жұмыстары басталуға тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама