×

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

Байқауға шетелдіктер де қатыса алады

 Дәурен Ерболат 08.01.2024 | 16:50
Фото: abai.kz

2024 жылғы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа байқау жарияланды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Өтініштер мен жұмыстар 1 наурызға дейін қабылданады. Абай атындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше құнды үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы көрнекті еңбектері үшін Қазақстан азаматтарына және шетелдіктерге беріледі.

Шартқа сәйкес, сыйлыққа жұмыстарды ұсынуды мемлекеттік органдар, шығармашылық одақтар мен топтар іске асырады.

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін 5 жылдан аспайтын уақытта және кемінде бір жыл бұрын (2024 жылғы 1 наурызға дейін) көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары (бір жұмыс) ұсынылады.

Байқауға қатысу үшін керек құжаттар тізбесін Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан көре аласыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама