Астанада жосықсыз құрылысшыларға қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Динара Амантай

Күдіктілердің бірі Мәскеуде ұсталды

Фото: Астана қ. прокуратурасының баспасөз қызметі

Астанада жосықсыз құрылысшыларға қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елордада 10 көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауға алынған. Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған.

7 адамға, соның ішінде құрылыс компанияларының 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды. Ол 5 млрд теңгеден аса залал келтірді деген күдікке ілінді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бүгінде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды.