Жалпы, 5 адам зардап шеккен еді
Апта басында Атыраудағы үйлердің бірінде газ дүмпуінен үй жартылай қирап қалған болатын. Бұған дейін зардап шеккен 5 адамның екеуі қайтыс болса, кеше кішкентай нәресте шетінеді, деп хабарлады «Мой город».
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 6 қаңтарда қалада Көкарна көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккен үш айлық нәресте шетінеген.
Еске сала кетсек:
2 қаңтарда Атырауда жекеменшік үйде газ жарылысы болып, 5 адам зардап шеккен еді.
3 қаңтарда зардап шеккендердің бірі – 1965 жылы туған ер адам медициналық мекемеде қайтыс болды.
4 қаңтарда ауруханада жатқан 1970 жылғы әйелдің де көз жұмғаны белгілі болды.